ДҮКЕН ТОНАП, пайда таппақ болған
Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жергілікті жердегі бірнеше дүкенді тонады деген күдікпен Қостанай облысының үш тұрғынын ұстады. Қазан айының соңында Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Покровка ауылындағы дүкендердің бірінің иесі хабарласып, белгісіз біреудің кассадан 12 мың теңгені ұрлап кеткендігін айтқан. Сатушының сөзіне қарағанда, сол күні дүкенге жас жігіт кіріп, “анамынаны көрсетші” деген. …