«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.12.2012

ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ – КЕПІЛДІКТІҢ БІР ТҮРІ

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі және кез келген елдің тұрғындарының 50 пайыздан астамын құрайтын еңбекке қабілетті халықтың мүдделерін қорғайтындықтан, қоғамның ең маңызды әлеуметтік кепілдігі. Арай НҰҒЫМАНОВА, облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру табысты жоғалтумен байланысты түрлі тәуекелдерден әлеуметтік қорғау болып саналады. Әлеуметтік төлемдер жұмысшының табыс деңгейі …

ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ – КЕПІЛДІКТІҢ БІР ТҮРІ Read More »

САҢЛАҚТАР ІЗІН БАСАР ІНІЛЕР ҚАЙДА?

Республикалық баспасөзде Астанада ересектер арасында бокстан ел чемпионаты өтетіні, оған бүкіл өңірлерден бүгінгі таңдағы ең үздік шеберлер қатысатыны күні бұрын жазылғанда елеңдеп, газеттерге үңіліп, көгілдір экранға көз салып тағатсыздандық. Өйткені, уақыт ұшқыр. Лондон Олимпиадасы өте шықты. Келесіде кезегін тосып 2016 жылғы Риоде-Жанейро ойындары тұр. Қазірден бастап кез келген құраманың бапкерлері осы ойындарға жол салдыратын лицензияларды …

САҢЛАҚТАР ІЗІН БАСАР ІНІЛЕР ҚАЙДА? Read More »

ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДЕ облыс әкімі жүлдесі сарапқа салынды

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қаладағы балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінде 8-9 желтоқсан күндері облыс әкімінің жүлдесі сарапқа салынған дәстүрлі 7-ші футзал турнирі өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған осы шағын футбол турниріне 8 команда қатысты, соның ішінде Ресейдің көршілес Қорған және Омбы қалаларының командалары да бар. Командалар алдымен екі топқа бөлініп, бір-бірімен кездесіп, …

ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ТУРНИРДЕ облыс әкімі жүлдесі сарапқа салынды Read More »

“ӘЛЕМДЕ САҢЫРАУЛЫҚ БОЛМАЙДЫ!” шарасы өтті

Үстіміздегі жылғы 7 желтоқсанда “Қазақ саңыраулар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернат ұжымымен бірлесіп “Әлемде саңыраулық болмайды!” атты қайырымдылық шарасын өткізді. Ол елімізде тұңғыш рет аталып өтілген Президент күні мемлекеттік мерекесі аясында Петропавл қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Шараға қаламыздағы түрлі ұйымдардан демеушілер, меценаттар тартылды. …

“ӘЛЕМДЕ САҢЫРАУЛЫҚ БОЛМАЙДЫ!” шарасы өтті Read More »

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮРГЕНДЕРГЕ тыйым салынған зат жіберіп, әуре болмаңыз

“ЕС-164/3” мекемесі қызметкерлерінің негізгі мақсаты: мекемедегі жазасын өтеп жатқан тұлғаларға түрлі айлалы жолмен жіберілетін тыйым салынған заттардың жолын кесу және оның алдын алу болып табылады. Бұл ретте біздің мекемеде жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Арман ЖҰМАБАЕВ, СҚО бойынша ҚАЖД “ЕС-164/3” мекемесі бастығының орынбасары. Мәселен, мекеме аумағына кірген-шыққан тұлғаларды, автокөліктерді тексеру қатаң бақылауға қойылған. Ұзақ мерзімді кездесу, …

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮРГЕНДЕРГЕ тыйым салынған зат жіберіп, әуре болмаңыз Read More »

КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ САРДАРЫ – оның көзі тірі шежіресі

ӨМІР-ДЕРЕК: Бауыржан Ниязұлы Құлжанов. 1953 жылы Аққайың ауданындағы Еркіндік ауылында туған. Қазақ күресінен спорт шебері. Облыстық күрес федерациясының президенті. Комсомол ардагері. Кеден қызметінің полковнигі. Петропавл қаласының Құрметті азаматы. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Оның өмірбаянындағы үш тағанның бірі – спортпен, оның ішінде қазақ күресімен шұғылдануы, екіншісі – комсомол қызметін атқарған жылдары облыс жастарын бұқаралық спортпен айналысуға …

КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ САРДАРЫ – оның көзі тірі шежіресі Read More »

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ кездесу тақырыбына айналды

Бейсенбі күні “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалында “Нұр ару” жас әйелдер клубының мүшелері өңіріміздің белсенді әйелдерімен кездесті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”.   Жетістікке жету формуласы. Жиынға жиналғандар осы жайында әңгіме өрбітті. Табысқа жетіп, өмірде көпті көрген өңіріміздің белсенді нәзік жандылары артынан ерген сіңлілермен жетістікке жетудің сырларымен бөлісті. “Адамды жетістікке жеткізе алатын – тек еңбек” деп …

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ кездесу тақырыбына айналды Read More »

“ДАМУ” АЯСЫН КЕҢЕЙТУ КӨЗДЕЛУДЕ

Гүлмира ЖАҚЫПОВА, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы өңірлік филиалының бас менеджері. Өткен аптада Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың баспасөз орталығында “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанғазиевтің, екінші деңгейлі банктердің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан “дөңгелек үстел” өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша өткелі отырған …

“ДАМУ” АЯСЫН КЕҢЕЙТУ КӨЗДЕЛУДЕ Read More »

ЕСКЕРТУ

Облыстық гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша өңірімізде желтоқсанның 10-ы мен 14-і аралығында ауа температурасы күрт төмендеп, сынап бағанасы түнде 25-30 градустан 30-35, кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 15-20, жекелеген аудандарда 25 градус аяздан 23-28, кей жерлерде 33 градусқа дейін суытады. Осыған орай ҚР ТЖМ СҚО бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті адамдардың үсікке шалдығуы мен …

ЕСКЕРТУ Read More »

“ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА” ЖОБАСЫ төрт кәсіпкерге жол ашты

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Жұлдыздарға қара” жобасына жасы 18-ге толған 1 және 2 топтағы мүгедектер қатысты. Грант түрінде берілетін қаржыны олар кәсіпкерліктегі машықтығы мен біліктілігін және тәжірибесін жетілдіру үшін пайдаланады. Биылғы жылдың 1-ші қыркүйегі мен 26-шы қазаны аралығында кәсіпкерлер өз бизнес-идеялары және оны жүзеге асырудың жолдарын көрсетіп, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалына өтініш …

“ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА” ЖОБАСЫ төрт кәсіпкерге жол ашты Read More »