«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ кездесу тақырыбына айналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бейсенбі күні “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалында “Нұр ару” жас әйелдер клубының мүшелері өңіріміздің белсенді әйелдерімен кездесті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Жетістікке жету формуласы. Жиынға жиналғандар осы жайында әңгіме өрбітті. Табысқа жетіп, өмірде көпті көрген өңіріміздің белсенді нәзік жандылары артынан ерген сіңлілермен жетістікке жетудің сырларымен бөлісті. “Адамды жетістікке жеткізе алатын – тек еңбек” деп сөзін бастаған іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева жуырда Астана қаласында өткен әйелдердің үшінші Еуразиялық саммитінен алған әсерлері жайында әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында өңіріміздің кәсіпкер нәзік жандылары да өз ойларын ортаға салды. “Здравствуйте!” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Надежда Пирожкова өз ісін ашар алдындағы әр кәсіпкердің жолында кездесетін қиындықтарды жеңудің жолдарын өз мысалында айтып берді. Аудиторияның тең жартысы университеттің студенттері болғандықтан, жиналғандар жоғары оқу орнындағы гендерлік саясат тақырыбына да тоқталды. Бұл жайлы өткен жылдың күзінде құрылған “Нұр ару” жас әйелдер клубының жетекшісі, СҚМУ студенті Гүлмира Байқанова толығырақ айтып берді.

Аталмыш клубтың құрылғанынан бері аз ғана уақыт өтсе де, оқу барысында студент қыздарға қатысты туындаған мәселелерді оңтайлы шешуде өз үлесін қосып келеді. Сондай-ақ бұл клуб жастардың көптеген мәселелеріне қатысты әртүрлі “дөңгелек үстелдер” мен тренингтер ұйымдастыруды қолға алып, сол арқылы өскелең ұрпақтың қоғамдық жұмыстарға деген белсенділігін арттыруды көздеп, оқу орындарындағы гендерлік теңдік мәселелеріне көп көңіл бөлетін көрінеді. Алдағы уақытта да алған бағыттан таймауды мақсат еткен клуб жетекшісі, көп мәселелерде іскер әпкелерінен үлгі алатындықтарын жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp