«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ – КЕПІЛДІКТІҢ БІР ТҮРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі және кез келген елдің тұрғындарының 50 пайыздан астамын құрайтын еңбекке қабілетті халықтың мүдделерін қорғайтындықтан, қоғамның ең маңызды әлеуметтік кепілдігі.

Арай НҰҒЫМАНОВА,

облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру табысты жоғалтумен байланысты түрлі тәуекелдерден әлеуметтік қорғау болып саналады. Әлеуметтік төлемдер жұмысшының табыс деңгейі мен оның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тәуелді. Осыған байланысты, төлеушілер (жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық көлемде төлемді, әлеуметтік тәуекелдер пайда болған жағдайда сәйкесінше әлеуметтік төлемді қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-II “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” ҚР Заңына сәйкес 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, қызметкерлер, ҚР аумағында тұрақты тұратын және ҚР аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Қордан 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесідей жағдайларға әлеуметтік төлемдер жүргізіледі:

– еңбек ету қабілетінен айрылу;

– асыраушысынан айрылу;

– жұмысынан айрылу.

Ана мен баланы әлеуметтік қолдау мақсатында Елбасының 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауы аясында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жаңа әлеуметтік тәуекелдердің екі түрімен толықты:

– жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалту;

– бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысын жоғалту.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (МӘСЖ) қатысушы еңбек ету қабілетінен айрылу және жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда екі жерден әлеуметтік төлемдер алады: біріншіден, мемлекеттік бюджет есебінен, екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан.

Дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жұмыссыздарды қолдау мақсатында Елбасының “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты 2009 жылғы Жолдауы аясында дағдарыс кезінде МӘСҚ жұмысынан айрылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мерзімі арттырылды.

Осылайша, қордың жұмысы жандана түсті және көрсетілген өзгерістер алушылардың санына да, МӘСҚ жұмысынан айрылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің сомасына да әсер етті.

Заңның 20-бабына сәйкес қордан өзі үшін әлеуметтік аударымдары төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік төлемдерді алу құқығы:

еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган үшін қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

3) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыруды жүргізу мен белгілеу туралы мәліметтер;

асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;

4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесі (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәліктері);

5) отбасы мүшелерінің оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);

6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайда);

7) мүгедектік тобын куәландыруды жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер (18 жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда).

Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем ол үшін қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелу үшін өтініш жасаған күннен бастап туындайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі, не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органың анықтамасы.

Жергілікті атқарушы органға қарасты жұмыспен қамту мәселелері және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі басқарма міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ұсыныс білдірген жағдайда жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама береді.

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда еңбекке жарамсыздығы парағындағы көрсетілген, жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап туындайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

3) еңбекке жарамсыздық парағы;

4) салық төлеушінің куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

6) жұмыс орнынан жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама.

Бұл орайда, жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағының артқы бетін төлеуші (жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға) белгілеуі керек (мөр және қол қойылады). Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның мөрі болмаған жағдайда қосымша жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда еңбекке жарамсыздығы парағындағы көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) салық төлеушінің куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

6) отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Отбасы құрамы туралы мәліметті ұсыну үшін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері және (немесе) балалардың туу туралы куәліктерін ұсыну керек.

Бұл орайда, жұмысынан айрылуына, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына байланысты қордан төленетін әлеуметтік төлемдер қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.

ЗТМО құрылымдық бөлімшелеріне өтініш берілген күн қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш берілген күн деп есептеледі.

Әлеуметтік төлемдерді тоқтатуға негіздеме: баланың 1 жасқа толуы; баланың 1 жасқа толмай қайтыс болуы; баланы мемлекеттік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасу дерегі болып табылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp