«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖҮРГЕНДЕРГЕ тыйым салынған зат жіберіп, әуре болмаңыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“ЕС-164/3” мекемесі қызметкерлерінің негізгі мақсаты: мекемедегі жазасын өтеп жатқан тұлғаларға түрлі айлалы жолмен жіберілетін тыйым салынған заттардың жолын кесу және оның алдын алу болып табылады. Бұл ретте біздің мекемеде жұмыс белсенді түрде жүргізілуде.

Арман ЖҰМАБАЕВ,

СҚО бойынша ҚАЖД “ЕС-164/3” мекемесі бастығының орынбасары.

Мәселен, мекеме аумағына кірген-шыққан тұлғаларды, автокөліктерді тексеру қатаң бақылауға қойылған. Ұзақ мерзімді кездесу, күту бөлмелерінде, сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде мекемеге әкелуге тыйым салынған заттардың тізімі көрсетілген көрнекі ақпарат ілінген. Аталмыш талапты бұзғандар ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінің 367-бабына сәйкес жазаға тартылатындығы жөнінде жазасын өтеушілердің туған-туысқандары үнемі құлақтандырылып отырады. Осының бәрі өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы мекеме аумағына ақша, ұялы телефон, сим карта сияқты заттарды алып өтпекші болған 34 жағдай тіркелсе, биылғы жылы оның көлемі 24 жағдайға кеміді. Мысалы, өткен жылы Н. деген азаматшадан 7 мың теңге көлемінде ақша табылса, биыл Л. деген азаматтан 2 мың бес жүз теңге ақшаның жолы кесілді. Сонымен қатар К. деген азаматтан 1,5 литр тұздалған қияр банкасының ішінен спирттік зат табылып, оның да жолы кесілді. Барлық жағдайлар бойынша істер сотқа жолданып, айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай шаралар басқа азаматтар үшін сабақ болар деп ойлаймын.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp