«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕКТЕН ТЫС АТТЕСТАТТАУ ашық және әділ өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл қазақстандықтар алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Күнтізбеде осындай мерекенің пайда болуы тегін емес, бұл күн – халық пен мемлекет тарихындағы оң өзгерістер мен ірі жетістіктерді бағалайтын сәт. Бұл табысымыздың тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен ажырағысыз байланысты екенінде дау жоқ, әрине. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жігерлігін атап өткеніміз жөн, оның тұлғасы көшбасшылық қасиеттерге тұнып тұр, Отанға деген махаббаты зор.

Ермекбай ҚОЖАХМЕТОВ,

облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикалық және саяси өмірінде ірі өзгерістер жүзеге асты. Жақын және алыс шет мемлекеттер Қазақстанның табыстарын мойындады.

 

Бүгінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттырумен қатар республикамыздың құқық қорғау жүйесін жоспарлы нығайту жұмысы жүргізілуде. Бұған дәлел – Елбасының “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы” Жарлығы. Президент халыққа арнаған биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарында сапалы кадрлық жаңарту мәселесін шешу, қысқа мерзімде барлық жеке құрамды қайта аттестаттау бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Елбасының бастамасымен жүзеге асқан аталмыш кең ауқымды шараның бірқатар ерекшеліктері бар. Елімізде Президент жанынан Жоғары аттестаттау комиссиясы, Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссиялары құрылды. Олардың құрамына құқық қорғау органдары басшыларынан басқа, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кірді.

Қаржы полициясы органдарында агенттік төрағасы орталық аттестаттау комиссиясының құрамын бекітті. Оның құрамына агенттік төрағасының бірінші орынбасары, аппарат жетекшісі, орталық аппараттың алты департаментінің бастықтары, сондай-ақ “Қаржы полициясы органдарының ардагерлер ұйымы” ҚБ өкілі кірді. Ал бұл шараға азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуы және тұрақты ақпараттық сүйемелдеу ірі сынақтың ашық, шынайы және әділ өтуін қамтамасыз етті. Кәсіби біліктілікті анықтауға бағытталған тестілеу осы заман талаптарына лайықты құқық қорғау жүйесін құруға, сонымен бірге мемлекеттік органдар үстінен қоғамдық бақылау жүргізуге жол салды. Қатардағы қызметкерлер мен жоғары лауазымды басшылардың біліктілігі ғана тексеріліп қойған жоқ, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі де сынға түсті. Бағалаудың негізгі критерийі қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерін орындай алу мүмкіндігін тексеру болды. Сонымен бірге олардың жұмыс нәтижесі бағаланды, теориялық және тәжірибелік білімдерінің деңгейі сараланды. Бұдан басқа, қаржы полицейлері логикалық ойлау мен психологиялық орнықтылыққа байланысты тест тапсырды.

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде 138 қызметкер аттестаттаудан өтті, 1 қызметкер денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен қаржы полициясынан кетті.

Өңірлік аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша 7 қызметкер өз қызметтеріне сәйкес деп танылды және олар кадрлық резервке енгізуге немесе жоғары лауазымдарға тағайындалуға ұсынылды. 114 қызметкер өз лауазымдарына сәйкес деп танылды. 6-уы лауазымдарына сәйкес емес, сол себепті олардың қызметтерін төмендету жөнінде ұсыныс білдірілді. 3 адам басқа қызметтерге ауысады. 8 қызметкер жұмыстан босатылды.

Кезектен тыс аттестаттау – құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын өз міндеттерін лайықты атқара алатын қызметкерлерден қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі. Елбасының осындай бастамасының арқасында елде мықты құқық қорғау жүйесі қалыптасарына еш күмәнім жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp