«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ШЫМКЕНТ-ШОУ” КҮЛКІГЕ КЕНЕЛТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Метро” ойын-сауық кешенінде “Күлпаш” есімімен белгілі Берік Тұрсынбеков бастаған “Шымкент-Шоу” әзіл-сықақ театрының кеші өтті.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Беткеұстар театрға айналған “Шымкент-Шоу” жаңа қойылымдарымен күлкіге кенелтті. Театр шымылдығы әсем әнмен ашылып, халық асыға күткен “Күлпаш” сахнаға шыққанда, көрермен күлкіге қарық болды.

Театр ұжымы мерекелік жаңа бағдарламамен желтоқсанның бірінде сапарға шығыпты. Еліміздің көптеген қалаларында болып, өнерсүйер қауымның алғысына бөленіп жүр. “Сарышұнақ аязда оңтүстіктің ыстық әзілдерін арқалап, сіздің өңірлеріңізге де атбасын бұрдық”, дейді олар. Театр әртістері Берік Тұрсынбеков, Дәурен Жұмаділов, Нұрболат Есенбекұлы ойнаған рөлдер көрерменнің көңілінен шықты. Қарлығаш Ахметова әсем ән айтып, испан биімен қошеметке бөленді.

Өмірден алынған оқиғалар арқылы жаман әдеттерді әжуалап, сынаған аталмыш театр әртістерінің әзілдеріне көпшілік дән риза болды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp