«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.12.2012

КІРПІГІҢІЗ ҰЗЫН БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Бұралған кірпікті ару – сұлулық эталоны. Табиғи заттардың көмегімен кірпіктерді қалай ұзартса болады? Мақсатыңыз кірпігіңізді ұзарту болса, бастысы оның саулығын қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін күнделікті кешке көзден макияжды арнайы сұйықтықпен сүртіңіз. Көзіңізді қарапайым сабынмен жумаңыз, бұл онсыз да құрғақ көз терісін құрғатады. Кірпіктерді табиғи майлармен қоректендіруге болады. Күнделікті майларды қолдансаңыз, кірпіктің қалпына келуі бірнеше апта …

КІРПІГІҢІЗ ҰЗЫН БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ… Read More »

БЕСІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Бесікті көненің қажетсіз қалдығы деп санайтындар көбейді. Жан-жақты дамыған қазіргі заманда құстың сүтіне дейін бар. Адам қолданысы үшін неше түрлі техника мен жиһаздар да күн сайын жаңарып шығып жатыр. Соның ішінде сәбилерге арналған кереуеттер де жоқ емес. Бір қарағаннан көзге сүйкімді көрінетін кереуеттердің еш зияны жоқ сияқты. Әлемдік сән өнеркәсібі ұсынған заттарға әуес келетін өскелең …

БЕСІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ Read More »

Ауыл аруы

“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады. Үміткерлердің жасы 18-30 аралығында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына хабарласуға …

Ауыл аруы Read More »

“БАЛАЛАРЫМ – БАЙЛЫҒЫМ” ДЕГЕН АНА “Алтын алқа” тағынды

“Ерлі-зайыпты тату болса, шырағы жанар” деп, отбасы құндылығын асқақтатқан ата-бабаларымыз ұрпақтың тектілігіне ерекше мән берген. Ықылым заманнан шаңырақтың шаттығы мен ырысын асырған сыйластыққа толы жұбайлық өмірдің баянды ғұмыры ел назарынан тыс қалмаған. Осы орайда Мағжан Жұмабаев ауданындағы Успенка ауылында тұратын “Алтын алқа” иегері Зәуреш Бақтыбаеваның отбасы жайлы айтпақпыз.

АЙГҮЛДІҢ ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ

“Әйелдің болымсыз етістікпен айтылатын бір ғана тілегі бар, ол – қартаймау” деген екен бір ғұлама. Расында да, дені сау болу, отбасын құру, сәби сүю, бала тәрбиелеу, жұмыс істеу, нәпақа табу, әдемі болу деген сияқты тілектердің барлығында да болымды етістік қолданылған да, тек қартаймау деген тілекте ғана болымсыз етістіктің ма деген жұрнағы жалғанған. Ал қартаймау үшін …

АЙГҮЛДІҢ ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ Read More »

ТОҚЫМАШЫЛАР ҮЙІРМЕСІ ұмыт қалған өнерді жаңғыртуда

Қой жүнін түтіп, оны иіріп, одан қолғап, шұлық, кеудеше, шәлі тоқитын кез сағымға айналғандай. Бүгінгі күні қыз-келіншектер қолдарына тоқыма бізін ұстап тоқуды ескіліктің белгісі санайды. “Шілтерші” сәндік-қолданбалы шығармашылық клубының мүшелері, керісінше, тоқыманы өмірлерінің мәні мен сәніне айналдырған. “Шілтерші” сәндік-қолданбалы шығармашылық клубы осыдан 6 жыл бұрын құрылған. Қалалық Мәдениет үйінде орналасқан үйірме 14 жастан асқан қыз-келіншектерді …

ТОҚЫМАШЫЛАР ҮЙІРМЕСІ ұмыт қалған өнерді жаңғыртуда Read More »

ІСКЕРЛІК – БАҚЫТҚА ЖЕТКІЗЕТІН ЖОЛ

Әйелге бақытты болу үшін не қажет? Жылы ұяң, балашағаң аман болып, жаныңда арқа сүйер жолдасың бар болса, соны бақыт деп санайтындар бар. Десе де, отбасылық бақыттан басқа, өз ісіңде де жеңіске жетуді бақытты болудың формуласына балайтын Елена Левина – өңіріміздің белсенді әрі іскер әйелі. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана – сонымен қатар …

ІСКЕРЛІК – БАҚЫТҚА ЖЕТКІЗЕТІН ЖОЛ Read More »

АНГУС ТҰҚЫМДАС МАЛ – ТИМИРЯЗЕВТЕ

Тимирязев ауданына 520 бас ангус тұқымдас ірі қара әкелінді. “Қаз-АгроҚаржы” АҚ-ның өңірлік филиалынан “Сыбаға” бағдарламасы бойынша несие қаржысын алған ауданның екі шаруашылығы өсімтал, етті ірі қараның тұқымын көбейтпек. Мамандардың айтуынша, оған жұмсалған қаржының орны екі жылда толады. Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ, журналист. Соның бірі – Докучаев елді мекеніндегі “Атамекен Агро-Тимирязево” ЖШС-і. Бұл шаруашылық 260 бас асылтұқымды малды …

АНГУС ТҰҚЫМДАС МАЛ – ТИМИРЯЗЕВТЕ Read More »

ТАЙЫНША – КІТАПХАНАСЫМЕН, БЕСКӨЛ МӘДЕНИЕТ ҮЙІМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында жерлес жазушы, көркемсөз шебері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Үздік ауылдық мәдениет мекемесі” атты облыстық байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында басталған байқау өңіріміздегі мәдениет мекемелерінің ішінен үздіктерін анықтауға бағытталды. Барлық аудандардың кітапханалары мен Мәдениет үйлерін аралап шыққан қазылар …

ТАЙЫНША – КІТАПХАНАСЫМЕН, БЕСКӨЛ МӘДЕНИЕТ ҮЙІМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ Read More »

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ: “АҚЫРЗАМАН ОРНАЙДЫ ДЕП, алдын ала үрей шақырудың қажеті жоқ”

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Таяуда редакциямызға келген елімізге аты әйгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітовпен сұхбаттасудың сәті түсті. Назарбек ағамызбен азды-көпті әңгімеден соң ел арасын, ғаламтор бетін жаулап алған 21 желтоқсандағы “ақырзаман” жайлы пікірін білдік. – Кейбіреулер Майя күнтізбесі бойынша әлемде ақырзаман орнайды деп жүр. Оған ежелгі Майя өркениетіндегі тайпалардың күнтізбесі 2012 жылдың 21 желтоқсанына дейін ғана …

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ: “АҚЫРЗАМАН ОРНАЙДЫ ДЕП, алдын ала үрей шақырудың қажеті жоқ” Read More »