“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады.
Үміткерлердің жасы 18-30 аралығында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына хабарласуға болады.
Суреттегі қыздың есімі Жұлдыз Нұрмағамбетова. Уәлиханов ауданының орталығындағы өнер мектебінде қобыз сыныбынан ауыл балаларына дәріс береді. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі түлегі Жұлдыз қазіргі таңда оқуын одан әрі Челябі қаласындағы өнер академиясында жалғастыруда. Оның ойынша, қыз бала жетістікке жетуі үшін жан-жақты әрі батыл болуы тиіс. Онсыз өмірде бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді ол.