Бұралған кірпікті ару – сұлулық эталоны. Табиғи заттардың көмегімен кірпіктерді қалай ұзартса болады?
Мақсатыңыз кірпігіңізді ұзарту болса, бастысы оның саулығын қамтамасыз етіңіз. Бұл үшін күнделікті кешке көзден макияжды арнайы сұйықтықпен сүртіңіз. Көзіңізді қарапайым сабынмен жумаңыз, бұл онсыз да құрғақ көз терісін құрғатады. Кірпіктерді табиғи майлармен қоректендіруге болады. Күнделікті майларды қолдансаңыз, кірпіктің қалпына келуі бірнеше апта уақытты алса да, әсері байқалмай қоймас. Сондай-ақ емдік қасиеттері бар шөптер негізінде жасалған маска қолдансаңыз болады. Шай қасық кастор майына түймедағы мен қырмызы экстракттарын қосып, араластырып, кірпікке жағыңыз. Бір-екі аптадан соң кірпігіңіздің ұзарғанын байқайсыз.
Massaget.kz
порталынан алынды.