«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ: “АҚЫРЗАМАН ОРНАЙДЫ ДЕП, алдын ала үрей шақырудың қажеті жоқ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Таяуда редакциямызға келген елімізге аты әйгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітовпен сұхбаттасудың сәті түсті. Назарбек ағамызбен азды-көпті әңгімеден соң ел арасын, ғаламтор бетін жаулап алған 21 желтоқсандағы “ақырзаман” жайлы пікірін білдік.

– Кейбіреулер Майя күнтізбесі бойынша әлемде ақырзаман орнайды деп жүр. Оған ежелгі Майя өркениетіндегі тайпалардың күнтізбесі 2012 жылдың 21 желтоқсанына дейін ғана жасалғандығы негіз болған сияқты. Әлемді үрейге бөлеп отырған жайтқа мен де зерттеу жүргізіп, өз тұжырымымды жасадым. Көне заманда Майя өркениеті болған. Олардың күнтізбесі 2012 жылдың 21 желтоқсанында бітеді. Бірақ Майя өркениеті тайпаларынан ақырзаман болатындығы туралы деректер қалмаған. Майя өркениеті кезінде де түрлі табиғи апаттар, жер сілкіністері, күннің тұтылуы сияқты құбылыстар болып тұрған. Дүниежүзі ғалымдары мен астрологтарының айтуынша, жер шарына үлкен ғарыштық дене жақындап келеді-міс. 2012 жылдың 21 желтоқсанында планеталар шеруі болады. Сол кезде Сатурн, Марс, Күн, Жер, Юпитер планеталары бір сызық бойына шоғырланып, жиналады. Басқа жүйедегі планеталар да қатар түзеп, бір өрістен екіншісіне ауысады. Жерде, ауа райында, табиғатта өзгерістер орын алуы, бүкіл әлемде түрлі табиғи құбылыстар болуы мүмкін. Бірақ бұл ақырзаман орнайды деген сөз емес, алдын ала үрей шақырудың қажеті жоқ.

Қандай жағдай болса да, сабыр сақтап, Алладан жасаған қиянаттарың болса, тіл тигізген, жазықсыз жапа шектірген жандарың болса, Жаратқанның кешірім етуін тілеген дұрыс.

Алланың құрығынан аспанда да, жерде де құтыла алмайсың. Адамгершілікпен, бір-біріңе кешірімді болып, дұрыс жолға түскенде ғана құтыласың. Ол үшін адамдардың іші-сырты бірдей тазару керек. Бәрі де – Алланың қолында. Құранда айтылғандарды орындасақ, келешекте “алтын заманға” жетеміз, – деді жұлдызшы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp