8-9 желтоқсан күндері Мамлют ауданының Меңгесер ауылына облыстың аудандарының елді мекендерінен, Ақмола облысының Жақсы кентінен, өңір орталығының “Жеңіс”, “Күрес”, сондай-ақ көршіміз Ресей Федерациясының Макушино және Петухово қалаларынан грек-рим күресі бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттығатын балуандар ат басын тіреді.
Бұл талапкерлер Меңгесер ауылдық мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған жарыста “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің жүлделері үшін боз кілемде белдесулерге шықты.
Ауыл тұрғындары жүз қырық жас балуанның шеберлігіне куә әрі меңгесерлік балғындардың тілеулесі болды. Мамлют ауданынан Бексейіт, Ленин және Новомихайловка ауылдарының балуандары да сынға түсті.
Мыналар мерейге бөленіп, бас жүлделерді еншіледі.
Кішілер тобында – 21 кг. Максим Данильченко (Меңгесер), 24 кг. Әсет Серәлді (Жақсы), 27 кг. Рахат Амангелдин (Мамлют құрамасы), 30 кг. Нұрсұлтан Аманов (Бексейіт), 33 кг. Андрей Батичков (Петухово), 39 кг. Влад Юрьев (“Күрес” мектебі).
Ересектер тобында – 36 кг. Ефим Макровец (Меңгесер), 39 кг. Тобыл Қорғанбаев (Бексейіт), 50 кг. Дархан Дәулетов (Меңгесер), 54 кг. Бауыржан Сәдуақасов (Бексейіт), 63 кг. Асан Құсайынов (“Күрес” мектебі), 69 кг. Бауыржан Мусин (“Күрес” мектебі), 82 кг. Владимир Анников (“Күрес” мектебі).
(Өз тілшімізден).