«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ – АЛЕКСАНДРА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен мемлекеттік тілді оқыту орталығы мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасында “Тіл – ел бірлігі” байқауын өткізді. Оған 18-30 жас аралығындағы 24 өзге ұлт өкілі қатысты. Бұл жолы үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі олимпиадалық үлгіде тексерілді.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Байқаудың бірінші тапсырмасы бойынша сайыскерлерге суреттердегі заттардың атауларын дұрыс жазу қажеттігі жүктелді. Онда облыстық кардиология орталығының қызметкері Марина Бутина барлық 24 сауалға толық жауап берді. Екінші тапсырма – компьютер арқылы оқылған мәтін негізінде мазмұндама жазу болды. Бұл сынақта қалалық білім бөлімінің қызметкері Александра Ким білгірлік танытты. Ал үшінші сынақ берілген мәтіндегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыру болатын. Бұл тапсырмада сайыскерлер орташа нәтиже көрсетті. Ал соңғы сынақ бойынша қазылар алқасына үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін бағалау оңайға түсті. Сурет бойынша дайындықсыз әңгіме құрастыру кезінде қазақ тіліндегі сөздік қоры мол сайыскер ғана сыннан сүрінбей өтті. Бұл жолы алдыңғы сынақтарда ерекшеленген екі сайыскердің қатарына қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы Елена Филинская, СҚО білім бөлімінің қызметкері Наташа Белоножко, СҚО балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент үміткері Виктория Саленко, қарапайым тұрғын Елена Ковтун қосылды.

Қазылар алқасының сараптамасынан кейін 1-ші орын бірауыздан Александра Кимге берілді. Ал екінші және үшінші орындарды Марина Бутина мен Виктория Саленко бөлісті. Сондай-ақ “Сөз сыры”, “Дарынды жас”, “Зерек”, “Сөз шебері” аталымдары бойынша да оның лайықты жеңімпаздары анықталды. Олардың барлығына СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Сондай-ақ байқаудың жеңімпазына дәріс берген қазақ тілі маманы Баян Батырова да марапатталды.

СУРЕТТЕ: байқау жеңімпазы Александра Кимді марапаттау сәті.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp