Астанада гір көтеруден және армрестлингтен осы түрлер бойынша федерацияның ашық кубогының жарыстары болып өтті.
Еліміздің бүкіл өңірлерінен жүз жиырма үміткер қатысса, солардың он тоғызы біздің облыстың намысын қорғады.
Әйелдер арасында 60 килограмм салмақта сынға түскен жерлесіміз Елена Костенко бірінші орынға қол жеткізді.
Ерлер арасында Александр Лузан (60 кг.), Владислав Третьяков (70 кг. Ол қоссайыста 32 кг. гірді 173 рет көтеріп, ел рекордын жасады және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды), Михаил Вологодский (80 кг.) және Виталий Диденко (+90 кг. Ол 32 килограмм гірді 208 рет көтеріп, жарыстың ең үздік жетістігіне ие болды) жеңіске жетті.
Ал Бауыржан Баяхметов (60 кг.), Сергей Басов (70 кг.), Денис Колесников (75 кг. дейін), Александр Марчук (80 кг. дейін) қола жүлделер еншіледі.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметі.