Кәсіпқой боксқа ауысқалы бес жыл өтіп, өңірімізге белгілі бапкер Александр Лебедевтің қарамағында жаттығып жүрген жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов жақында Қытай Халық Республикасының арнайы әкімшілік ауданы Гонконгтан қуанышты хабар жеткізді. Ол осында кәсіпқой бокстың жоғары тобында өнер көрсетуге құқық беретін рейтинг жоғарылату мақсатындағы жұдырықтасуда жергілікті боксшымен он раундтық жекпе-жекке шықты.
Айқас он раундқа шақталған. Алайда, жерлесіміз қарсыласын екінші раундта жойқын соққымен ұрып жыққанын біз оның бапкерінен естідік.
Жиырма тоғыз жасар жеңімпаз жерлесіміз қаламызға әлі оралған жоқ.