«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНЫ – ЖАДЫМЫЗДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Үстіміздегі айдың сегізінші жұлдызында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, жерлесіміз Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған жарысқа облыс орталығы мен Жамбыл ауданындағы Жаңажол, Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылдарынан барлығы он команданың волейболшылары жиналды.

Жарысты ұйымдастырған республикалық “Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы (жетекшісі – Боташ Қажымов) мен облыстық “Желтоқсан” қоғамдық қоры (жетекшісі – Өмір Есқали) жекпе-жектерді өңір орталығының он тоғызыншы шағын ауданындағы қазақ мектеп-гимназиясының спорт залында өткізуді ұйғарды.

Командалар үш топта шеберлік сынасты. Әр топтан бір жеңімпаз финалға шықты.

Ақтық кездесулерге Ішкі істер министрлігі Петропавл Әскери институтының, Бескөлдегі “Парасат” мектебінің және қалалық классикалық гимназияның командалары жолдама алды.

Бір атап айтарымыз, өзара ойындарда бірдей ұпай иеленген үш команданың арасындағы жеңімпаз партиялардағы айырмашылық бойынша анықталды. Бұл ретте қалалық классикалық гимназияның волейболшылары басым екені анықталып, бас жүлдені еншіледі. Олардың ізін Әскери институттың командасы басса, үшінші орын “Парасат” мектебіне бұйырды.

Биыл он алтыншы мәрте өткізілген турнир келесі жылдан бастап облыстық жарыстардың күнтізбесіне енгізіліп, жүйелі түрде жалғастырылатын болып шешілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp