«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘДЕСЫЙЛАР ҰСЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

КаР-Тел” ЖШС-і (Қазақстандағы “Beeline” бренді) “Beeline” сату және қызмет көрсету ашық салондарында бірегей жаңа жылдық сыйлықтардың сатылымы басталғанын хабарлайды. Абоненттер 2012 жылғы 15 желтоқсаннан 2013 жылғы 15 қаңтарға дейін “Нағыз ерлерге”, “Тамаша ханымдарға”, “Балалар үшін” немесе “Лайт” сыйлық топтамаларының бірін немесе бірнеше топтамасын таңдап, өз туғандарын, достарын және әріптестерін қуанта алады. Жаңа жыл қарсаңында әрқайсымыз жақындарымызды қандай сыйлықпен қуанту, әріптестерімізге және серіктестерімізге қандай тосын сый жасау туралы ойланамыз. Қарасары жолақты кәдесыйлар және фирмалық жолақты стильдегі сыйлықтар ешкімді де немқұрайды қалдырмайтын шығар. Көптеген сыйлықтар, мысалы, саптаяқтарды, визитка салғыштарды, кеңсеге қажетті құралдарды әртүрлі кеңселерден көруге болады, ал жолақты қолшатырлар, жолдорбалар және бөкебайлар балалар мен жастар стилін толықтыра түседі. “КаР-Тел” ЖШС-нің бұқаралық сату жөніндегі директоры Елена Чернова: “Компания клиенттерінің өтініші бойынша біз науқанымызға қатыса отырып, сүйікті сыйлығына қол жеткізе алмаған барлық абоненттерге өз кәдесый өнімдерімізді қолжетімді еттік”, – деп атап өтті. Ай бойы 15 қаңтарға дейін “Beelinе”-нің сату және қызмет көрсету кеңсесіне келушілер әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдерге арналған дайын топтамаларды ала алады. Сонымен қатар 1 желтоқсаннан бастап барлық ниет білдірушілерге “Beelinе”-нің сату және қызмет көрсету кеңсесінен өз таңдауымен кәдесый өнімдерін алу мүмкіндігі пайда болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp