«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАРАПАТ ИЕСІ – әлеуметтік-мәдени сала қызметкерлері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында бірқатар әлеуметтік-мәдени сала өкілдері марапатталды. Осы орайда облыс әкімі Серік Біләлов:

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында елімізде әлеуметтік-мәдени сала үлкен қолдауға ие болып отыр. Сіздер алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеді деген сенімдемін. Өңірімізде әлеуметтік-мәдени саланы қаржыландыру жыл сайын артып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары салынуда, – деді құттықтау сөзінде.

Марапаттау салтанатында “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәриям Бапанова, №3 қалалық емхананың бас дәрігері Әлия Тәшетова, онкологиялық диспансердің торакальдық бөлімінің меңгерушісі Жігер Дүйсенов, Аққайың орталық аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Гүлнәр Хасанова марапатталды. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісі өңіріміздегі мұражайлардың, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымдарының өкілдеріне, “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің қызметкерлеріне табысталды. Ал “Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Александр Новичков марапатталды.

Бұған алғыс білдірген әлеуметтік-мәдени сала мамандары халықтың денсаулығын сақтауда, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, саламатты өмір салтын насихаттауда өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді. Салтанатты шарадан кейін марапатталғандар облыс әкімімен естелік суретке түсті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp