«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің ең басты және елеулі мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Ең биік ұлттық мәртебеге ие және халқымыздың бостандығы мен бірлігін айғақтайтын бұл мереке әрқайсымыз үшін айрықша асқақ әрі ардақты. Өйткені, нақ осы күні қазақ халқының тәуелсіздігі туралы сан ғасырлық арман-мүдделері орындалды. Өзінің мән-маңызы жөнінен бұл оқиға ата-бабаларымыздың барлық ұлы жетістіктерінен де асып түседі.

 

Қазақстан нағыз тәуелсіздікке ие болудың арқасында қысқа мерзімнің ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда таңданарлық табыстарға қол жеткізді. Барша азаматтардың игілігіне айналатын тиімді де бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды.

Астанада “ЕХРО-2017” Бүкілдүниежүзілік көрмесін өткізу құқығын иелену жолындағы тарихи жеңісіміз – Қазақстанның экономикалық әлеуетін баршаның мойындауы. Бұл осындай деңгейдегі шараларды өткізуге әлеуеті жеткілікті дамыған орталық ретінде елордамыздың беделі жоғары екендігін тағы бір мәрте дәлелдей түседі.

ХХІ ғасырда әлемдік қоғамдастыққа танылып, ірі халықаралық ұйымдарға – 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011-2012 жылдарда ИЫҰ-ға жетекшілік еткен Қазақстан өзінің бүкіл тарихындағы ең биік халықаралық мәртебеге ие болды. Сонымен бірге Қазақстан ірі өңірлік ұйымдар – ТМД, ШЫҰ, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ-ны құрудың бастауында тұрды.

Сөз жоқ, Қазақстанның барлық осынау жетістіктері мен табыстарына берілген жоғары баға – Мемлекет басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, зор еңбегінің нәтижесі. Оның қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырып, дамытудағы бастамаларының жасампаздық рөліне бүгінгі деңгей өлшем бола алмайды, олар болашақтағы зерттеулердің арқауы болып табылады.

Ол жалпы Ұлттық Көшбасшы бола отырып, Қазақстанның бүкіл халқын өзінің айналасына топтастырды, сөйтіп тәуелсіздік жылдарында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, сондай-ақ қауіпсіздіктің еуразиялық тұғырнамасын жасауды, ықпалдасу мен ядросыз әлемді құруды өз жауапкершілігіне алды.

Күнтізбемізде жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің пайда болуы – барша қазақстандықтардың өздерінің Тұңғыш Президентіне деген жоғары сенімі мен ілтипатының жарқын айғағы.

Елбасымыздың саясатының басты ұстанымы – бүкіл қоғамдағы татулық пен келісім де қазақстандық мемлекеттіліктің негізі мен берік іргетасы болып табылады. Бұл баға жеткізсіз тәжірибе – біздің басты байлығымыз бен игілігіміз, сондықтан әлемдік қоғамдастықтағы зерттеулердің және пайдаланудың арқауы болып табылады.

Бүгіндері алдымызда Елбасымыз бастамашы болған кең көлемді мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың аса маңызды, ең алдымен үдемелі индустриялық-инновациялық даму, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ТКШ саласын жаңғырту міндеттері тұр.

Солтүстік Қазақстан облысы республика экономикасының дамуына өзінің үлесін қосып келеді. Өнеркәсіп өндірісі тұрақты жұмыс істеуде, ірі индустриялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа технологиялар енгізілуде, тұрғын үйлер, білім және денсаулық сақтау нысандары салынуда. Облысымыз “Еліміздің басты астықты өңірі” құрметті атағын ақтай отырып, қолайсыз ауа райы жағдайына қарамастан, астықтан жоғары жалпы түсімін қамтамасыз етті.

Еліміздің әр азаматының әл-ауқатын қамтамасыз ету, тиімді әлеуметтік жаңғырту жүргізу, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мемлекеттік органдар мен қоғамның барлық жұмысының басты бағыты болып қала береді.

Қымбатты жерлестер!

Елімізде және өңірімізде болып жатқан барлық оң өзгерістер – егемен Қазақстан тарихының бір бөлшегі. Осы ретте сіздер мен біздердің ортақ міндетіміз – осы жылдардағы жетістіктерімізді сақтап, арттыру, еліміздің тұрақты дамуын және балаларымыздың лайықты болашағын қамтамасыз ету. Өйткені, Елбасымыз атап көрсеткеніндей, “Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз”.

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға мықты денсаулық, береке, молшылық, ашық аспан және Отанымыздың гүлденуін тілеймін!

Серік БІЛӘЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp