«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің Петропавл аумақтық №3 бөлімі” филиалының алименттерді өндіріп алу жөніндегі құжаттарымен жұмыс істейтін сот орындаушылары қаланың коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорындарының бухгалтерияларын тексеру бойынша рейдтік шаралар жүргізді.

Рейдтік шаралар барысында 20 бухгалтерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, онда тек қараша мен желтоқсанның бастапқы күндері қамтылған.

Негізгі себептер:

қарызгер жұмысшылардан алименттерін уақытында және дұрыс ұстамау;

сот орындаушыларының талаптарын орындамау, сот орындаушыларының сұранымдарына жауаптардың мерзімінде түспеуі.

Алименттерін төлемей, елден кетуге тырысып жүрген теріс пиғылды – қарызгерлерге сот орындаушылары ҚР “Сот орындаушыларының мәртебесі және орындаушы өндірісі туралы” Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға уақытша шектеу қояды.

Алимент төлеу – бүгінгі күні қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан отбасын бұзбай тұрып, алдымен балаларыңыздың қамын ойлағаныңыз жөн.

СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp