«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕКСЕРІСТЕР ЗАҢНАМАҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың баспасөз орталығында “Бақылау-қадағалау органдарының тексерістер жүргізуі” тақырыбына арналған ақпараттық семинар өтті. Оған облыстық салық, техникалық реттеу және метрология, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше жағдайлар, экология департаменттерінің өкілдері және қала кәсіпкерлері қатысты.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеңесті кіріспе сөзбен ашқан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Александр Иванищев бақылау-қадағалау мәселелерін арқау еткен ақпараттық семинардың көздеген мақсаты кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталғанын айтты.

 

Жиналғандар алдында алдымен облыстық салық департаментінің салықтық заңнаманы түсіндіру басқармасының бастығы Тұяқ Қолышпаев бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілері қызметіне тексерісті тіркеу мен жүргізу тәртібіне түсінік берді және 2013 жылғы бақылау-қадағалау органдары тексерістерінің жоспарымен таныстырды.

Одан кейін сөз алған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Татьяна Горлова, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің азаматтық қорғаныс шараларының орындалуына бақылау жасау бөлімінің бастығы Асқар Майкин, осы департаменттің мемлекеттік өрт бақылау бөлімі бастығының орынбасары Ербол Қуанышев, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұхтар Смағұлов, облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы Светлана Пленник кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты түсініктеме берді.

Семинарға қатысқан кәсіпкерлер күн тәртібіне қойылған бұл мәселенің өзектілігін айтып, қадағалаушы және бақылаушы органдардың тарапынан жиі жүргізіліп келген орынды-орынсыз тексерістерге байланысты бірқатар сұрақтар қойып, оған қанағаттанарлықтай жауаптар алды. Бұдан кейін жиын “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу: электрондық конкурс, аукцион” деген тақырыптағы оқыту семинары түрінде жалғасын тапты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp