«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗ ҚҰРАММЕН КӨП ІС ТЫНДЫРУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ғимаратында Қазақстан Республикасының кеден органдары құрылған күнінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиналғандар алдында облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Әлібек Қартов құттықтау сөз сөйледі.

– Өздеріңіз білесіздер, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі шекараларда және шекара бойындағы кедендік бекеттерге кедендік бақылау жүргізу тоқтатылды. Әрине, осы өзгерістер тікелей біздің ұжымға да әсерін тигізді. Бүгінде бұрынғы 14 кедендік бекеттен 3-еуі ғана қалды, ал жеке құрамымыз екі жарым еседен астам қысқарды. Департамент басшылығы осы үдерістер қызметтері қысқартылғандарға қатысты жеңілірек өтуі үшін бірқатар шаралар қабылдады. Қызметкерлердің бір бөлігі оңтүстік өңірлерге жаңа қызмет орнына ауысты. Осы болып жатқан өзгерістерге қарамастан, облыстың кедендік қызметі алдында экспорттық-импорттық операцияларды бақылау, бюджетке төлемдер мен салықтарды өндіру және кедендік істің аясындағы құқық бұзушылықтарды ашу мен алдын алу жөнінде айтарлықтай міндеттер тұр, – деді ол.

 

Иә, атқарылған жұмыстар аз емес. Жыл басынан бері департамент бекеттерінде ресімделген сыртқы сауда айналымы 2,3 есе өсті және 807 миллион АҚШ долларын құрады. Өткен жылы жиналған мол астық ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын Кеден одағынан тысқары жерлерде арттыруға мүмкіндік берді. Ал биыл облыстан астық экспорты әлемнің 20 еліне жүргізілді. Барлығы 607 миллион АҚШ долларын құрайтын облыс экспорты негізінен құрал-жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын алудан құралатын 201 миллион АҚШ доллары көлеміндегі импорттан басым түсіп, сыртқы сауда айналымының оң сальдосын құрап отырғандықтан, ресімделген декларациялар санынан бастап, барлық көрсеткіштер бойынша өсім бар. Мысалы, биыл өткен 11 айда 7291 декларация толтырылды, яғни бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсті. Сол сияқты кедендік төлемдер мен салық жинау жыл басынан 102 пайызға орындалып, республикалық бюджетке 1 миллиард 926 миллион теңге түсті. Оның бәрі департамент қызметкерлерінің кәсіби міндеттеріне зор жауапкершілікпен қарайтындарын танытады. Қазіргі Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайларындағы жұмыстың жаңа бағыты олардан одан зор күш-жігерді талап етеді.

Баяндамадан кейін озаттарға қошемет көрсетіліп, бірқатар кеден қызметкерлеріне үкіметтік және ведомстволық наградалар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырылды. Департаменттің кедендік кірістер басқармасының тауарлық номенклатура және кедендік құн бөлімінің бастығы Альфия Закирова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал кедендік кірістер басқармасының бастығы Гүлнәр Бекболатова мен ішкі қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы Марат Берденбеков “Кедендік қызметтің үздіктері” төсбелгілерін алды. Ведомстволық ІІ дәрежелі “Кедендік органдардағы мінсіз қызметі үшін” медалімен жедел-кезекшілік бөлімінің аға маманы Леонид Ольков және кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Сергей Чесенко марапатталды. Жиын соңында мерекелік концерт қойылды.

СУРЕТТЕ: салтанатты жиыннан көрініс.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp