«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРАЙЛЫМ СМАҒҰЛОВА – ТЕЛЕАРНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда өңіріміздегі “Первый Северный” телеарнасының бастамасымен және облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президент күні қарсаңында “Қазақстанның гүлденуі” тақырыбында жарияланған мақалалар мен телебағдарламалар байқауы өткізілген болатын. Осы байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. “Первый Северный” телеарнасының директоры Олеся Герасимованың айтуынша, облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында осындай байқау енді жыл сайын ұйымдастырылатын болады. Бұл – қаламды – серік, сөзді – қару еткен журналистер қауымының ауыр еңбегін бағалауға жасалған қадам. Осы орайда байқау жеңімпаздарын құттықтауға арнайы келген облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Әлішев өңіріміздің жеткен жетістіктері мен келелі мәселелерін ел құлағына жеткізіп жүрген журналистер қауымының қажырлы еңбегі жайлы сөз қозғады.

Сонымен, облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің тілшісі Арайлым Смағұловаға 1-орын, “Северный Казахстан” газетінің тілшісі Юлия Мальдинаның жергілікті телеарналардың бірінде қызмет етіп жүрген кезде жасаған сюжеті үшін 2-орын берілсе, 3-орынды “Молодежная – Жастар” газетінің тілшісі Владимир Холод иеленді.

(Өз тілшімізден).

СУРЕТТЕ: Арайлым Смағұлованы марапаттау сәті.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp