«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ЖҮЛДЕ – ЖАРҚЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

15 желтоқсан күні Петропавлда Тәуелсіздік күніне арналған облыстық ақындар айтысы өтті. Дәстүрлі түрде өтетін доданың бас жүлдесі Жарқын Жұпарханға бұйырды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өтетін жылдағы айтыс осы жылы да өз жалғасын тапты. Алайда, осы жолы ақындар сөз тартысының жоғары деңгейде өтуіне Қызылжардың қылықты ауа райы кері әсерін тигізді. Синоптиктер болжағандай, кей аудандарда ауа температурасы 40 градустан асып кетті. Осы себепті Мамлют, Уәлиханов, Ақжар сияқты шалғай аудандардан алдын ала тіркелген 8 айтыскер келе алмай қалды.

 

-40 градус аязда қалалық Мәдениет үйінің залын толтырған айтыс жанашырларының қарасы аз болмады. Ұлттық өнерге шөлдеп келген көрерменнің алдында бар-жоғы төрт-ақ ақын өнер көрсеттік.

Бірінші жұп болып сахнаға Аманжол Зағыпар мен Жарқын Жұпархан шықты. Уақытқа шектеу қойылмағандықтан, қос ақын да шамалары жеткен жерге дейін шапты. Ұстаз бен шәкірттің айтысынан кейін келесі жұпта Нұрлан Зағыпар мен осы жолдардың авторы сөз таластырды. Барлық ақын да тұғырлы тәуелсіздікті жырға қосты.

Екінші айналымда Жарқын Нұрланмен, ал Аманжол менімен шықты. Бір-бірін от ауыздарымен шарпып, орақ тілдерімен шалып қалуға тырысқан төрт ақын залға келген ұлттық фольклордың көрермендеріне екі сағаттық айтыс көрсетті.

Бұл айтыс бұрынғыдан бөлекше болды, өйткені ешкім жүлдесіз қалмады. Ұлт жанашыры Дәстен Баймұқанов бастаған қазылар алқасы Жарқынды бас жүлдеге лайық деп тапты. Бірінші орын Аманжол Зағыпарға, екінші орын маған бұйырса, есілдік Нұрлан Зағыпар үшінші орынмен үздіктер қатарын түйіндеді.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай) Нұрлан Зағыпар, Жарқын Жұпархан, Аманжол Зағыпар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp