«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДАМЫЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кривощеково орта мектебінің белсенділері мен спортшылары “Жас ұлан” қатарына алынды. Аталмыш мектеп оқушылары “Көшбасшылықтың қазақстандық жолы” атты көркемсөз оқу конкурсының аудандық кезеңінде 1-орын алып, облыстық сайыста шалақындықтардың намысын қорғады.

Баян БЕГАЛИНОВА,

Кривощеково орта мектебі

директорының орынбасары.

 

Кривощеково орта мектебінің оқушылары алға қойған міндетті өте жақсы орындап шықты. Өздерінің бишілік, вокалдық және ақындық өнерлерін асқан шеберлікпен көрсетті. Кішкентай әртістердің сахнада өздерін ұстауларынан, киім үлгілерінен, әртістік шеберліктерінен олардың осы күнге ыждаһаттылықпен дайындалғандары білініп-ақ тұрды. Олар “Шал ақын қырандары” деген атқа сай екендіктерін көрсете білді.

Сынып жетекшілерінің басшылық етуімен мектеп оқушылары жас тәуелсіз мемлекетіміздің 21 жылда жеткен жетістіктерін, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлемнің болашақтың жаңа елін танығандығын мақтанышпен айтты.

Шара барысында оқушылар еліміздің жетістіктерін тілге тиек ете отырып, өздерінің шығарған өлеңдерін де оқыды. 10-сынып оқушысы, аудандық, облыстық конкурстардың жеңімпазы Ринат Әлібаевтің өзі шығарған “Жайнай бер, жасампаздың төл перзенті!” деген өлеңі зор қошеметке ие болды.

Қазылар алқасы конкурсқа оқушыларды даярлаған ұстаздарға балаларды Елбасының өнегесінде тәрбиелеп, патриоттық сезімдерін оятқандары үшін алғыс білдірді. Біздің мектеп оқушылары облыстық кезеңде де алдыңғы орыннан көрініп, Шал ақын ауданының намысын қолдан бермеді.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp