«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАҢҚҚА БӨЛЕНЕ БЕР, ДӘРІГЕРЛЕР!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жыл қорытындысын шығарып, үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады.

Үстіміздегі жылы өңіріміздің медицина саласы жақсы жаңалықтарға толы болды. №3 қалалық аурухананың жанынан ашылған экстрокорпоральды ұрықтандыру орталығының көмегіне жүгінген 8 әйелдің 4-еуі жүкті болып, соның ішінде егіз бала туғандар жоқ емес. Кардиология мен онкологиялық індеттердің алдын алу мақсатында көптеген жұмыс атқарылды. Алдағы жылы онкология саласына басымдық берілмек. Скринингтік тексерістер тізімінде қатерлі ісік дертін анықтайтын талдау түрлері кеңейтіледі.

Іс-шараның соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Тәуелсіздік мерекесіне орай көпжылғы жемісті еңбегі мен елдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен облыстық қан орталығының қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі Анна Скочилова мен Явленка аудандық ауруханасының “Жедел жәрдем” көмегінің фельдшері Айнагүл Қасейінова марапатталды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен өңірлік бір топ медицина қызметкерлері “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісінің, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттардың иегерлері атанды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының да Құрмет грамоталары өз иелерін тапты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp