Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ұжымы Петропавл қаласындағы “Метро” ойын-сауық орталығында салтанатты шара өткізді.
Департаменттің жеке құрамын, қызметкерлері мен ардагерлерін атаулы оқиғамен ұжым басшысы Бахтияр Қадырханов құттықтады.
Ежелгі дәстүрге сәйкес ол көзге түскен қызметкерлерді департамент және министрлік басшылары атынан марапаттады. Осы айрықша күні Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмысына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ “Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Департаменттің 19 қызметкері де осындай марапатқа ие болды. Олардың ішінде әскери-жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бас маманы Надежда Нохрина, өрт сөндіруде ерлік жасаумен ерекшеленген ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің өкілдері аға лейтенант Данияр Ақжігітов және кіші сержант Жасұлан Смағұлов та бар. Сонымен қатар ТЖД 31 қызметкері аумақтық орган бастығының қолынан Құрмет грамоталары мен марапаттау хаттарын алды. Сондай-ақ Петропавл қаласының әкімі атынан департаменттің 7 қызметкері марапатталды.
Шара Оңтүстік Қазақстаннан келген қонақтар – “Кентау шашуы” театры ұжымының осы айрықша күнге арналған мерекелік концертіне ұласты.
Облыстық ТЖ департаментінің
кадр жұмысы бөлімі.