Жамал АХМЕТОВА,
облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрайымы.
Тәуелсіздік жылдарында Елбасының парасатты басшылығы арқасында Қазақстан тұрақты және дамыған мемлекетке айналды, соның арқасында халықтың жағдайын жақсартуға арналған белсенді және мақсатты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді, еңбек адамдарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бойынша шаралар атқарылуда.
Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей басшылығымен еліміздің, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін еліміздің саясатында, экономикалық және әлеуметтік өмірінде Елбасының халықаралық аренада беделін нығайтатын тағдырлы және ең күрделі мәселелер жүзеге асырылды. Біздің елімізде бірлік, достық және ұлтаралық келісім ахуалы қалыптасты.
Елбасы тәуелсіз демократиялық өркендеуші Қазақстан идеясының төңірегіне ел халқын біріктірді, әлемде “Назарбаев үлгісі” деп танылған бірегей әлеуметтік-экономикалық үлгіні жасап, өмірге енгізді.
Бүгін Қазақстан өз Тәуелсіздігінің, жаңа болашақтың үшінші онжылдығына сенімді, қарқынды дамуымен қадам басып отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасы еліміздің әрі қарай қарыштап дамуының өзекті факторы, халық бірлігінің символы, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығының, амандық-саулығының, қауіпсіздігінің кепілдігі болып табылады.
Нұрсұлтан Назарбаев КСРО тарағаннан кейінгі қиын кезеңде Қазақстан Президенті болып сайланды. Еліміз ең күрделі халықаралық және геосаяси жағдайды бастан кешіп жатты, ішкі және сыртқы қауіпсіздікке төнген қатер де аз еместін. Елбасының басшылығымен әлеуметтік-экономикалық реформалардың стратегиясы даярланды, басқарудың мемлекеттік институттары, қоғамдық және этносаралық қатынастардың тиімді қаржылық-экономикалық және дәйекті саяси матрицасы жасалды. Мемлекеттің елордасы көшіріліп, жаңа қазақстандық сәйкестіктің негізі қаланды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразияның өзгеру трендтерін, Қазақстан халқының қажеттілігі мен мүддесін сезгіштікпен байқап, жас мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін соған сәйкес құра бастады.
Данышпан тұлғаның рөлі уақыттан оза, алдағыны көре білгендігімен, дамудың басты бағыттарын айқындағанымен, жоғары мақсаттарға жетуге ұлтты ұйыстырғандығымен айшықталады. Біздің Көшбасшымыздың даналығы мен сан қырлы көрегендігі, оның басқарушылық дарыны, уақытқа қарай алысты көре білуі мен сындарлы өзгерістер арнасына әлеуметтік-экономикалық, саяси үдерістерді шебер бағыттай білу қабілеті Қазақстанның қиын кезеңдерден шығынсыз өтуіне жағдай жасады.
Президенттің бастамасы және жеке қатысуы арқасында қабылданған “Қазақстан – 2030” стратегиясы бүкіл мемлекеттік құрылыстың ең негізгі мәселесі – Қазақстан экономикасын, әлеуметтік, қоғамдық-саяси саланы өзгерту болып табылады. Бұл ұзақмерзімді бағдарлама қоғамның игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Мақтанарлық табыстарымыз да аз емес. Ұлы мақсаттарға қол жеткізу, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін өз Президентіміздің айналасына топтасып, біз өзіміздің басты міндетіміз – ахуалы, әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалғандығы басымдық болып табылатын тәуелсіз, саяси тұрақты Қазақстанды құру үстіндеміз.
Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласы арқылы ел дамуының жаңа үлгісін ғылыми тұрғыда айқындап, тағы да көрегендік танытты. Ол еңбекті қазақстандықтардың, әсіресе, жас ұрпақтың айбындылығы мен абыройының өлшемі болып табылатын жалпыұлттық идея деңгейіне көтерді.
Қоғамдық қызметкер ретінде маған Президенттің әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін қалыптастыруға бағытталған бастамасы қымбат, өйткені оның негізіне мемлекеттің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың әріптестік тетігі алынған. Мемлекет басшысы ұсынған тезис маңызды мәселелердің бірі саналады, себебі ол біздің елімізде еңбек қатынастарының іргетасын құрайды, ал еңбек дауларының туындауы сол іргетастың мықтылығына байланысты болады. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының еңбек қатынастарының көпдеңгейлі тетігін тиімді құруға бағытталған үнқатуы өзекті саналады.
Нұрсұлтан Назарбаев кәсіподақтарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. “Кәсіподақтар – әлеуметтік мемлекетті құру, жан-жақты әлеуметтік диалогты реттеу және нығайту үшін сөз сөйлеп жүрген азаматтық қоғамның маңызды бөлігі”, – дегенді талай рет атап айтты да.
Қазақстандық кәсіподақтар қозғалысын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Тұңғыш Президентімізге әрқашанда ризашылығымызды білдіреміз. Халықтың ахуалын жақсарту, алға қарай ұмтылу мен жасампаздық жолында Ұлт Көшбасшысымен баршамызды біріктіретін осы күнді біз мақтан етеміз.
Мен біздің Президентті көрген және сөзін тыңдаған, онымен кездескен қазақстандық ұрпақтың санатына жатамын. Елбасымен кездескен әрбір адам одан ерекше мол қуатты, кең ауқымды ойлау қабілетін, аса зор ой өрісін сезетіндігіне сенімдімін. Ол – болашаққа ұмтылған жасампаз Көшбасшы. Тұңғыш Президенттің барлық саналы ғұмыры мен тынымсыз еңбегі – өз халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқандықтың, өз өмірінің басты ісі – тәуелсіз Қазақстанды құру мен гүлдендіру жолына жан-тәнімен берілгендіктің айқын мысалы.
Еліміз бен әлемдегі татулық пен құт-береке – оның қызметінің, өмірінің басты мұраты. Мұндай саясаткері бар халық – бақытты. Саясаткердің бақыты – халықтың шексіз сенімі мен сүйіспеншілігінде.