Зейнолла ӘКІМЖАНОВ.
Шам жүзінде жайнап,
ойнап ақ қылау,
Сәуле шашқан ымырттағы
шақ мынау.
Өрнек салып ақ көрпесін төсеген
Табиғат та таңғалдырар
тапқыр-ау.
Ымырт жетіп, түскен
шақта кешкілік,
Жел ойнайды бар айбатын
сес қылып.
Ондай сәтте жан
қалмайды көшеде
Жылы үйіне тығылған соң
есті жұрт.