«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕАТРДАҒЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ кейіпкері – жерлес ақын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұма, 21 желтоқсан күні С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ақын Мүтәллап Қанғожиннің 75 жасқа толуына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Оқырмандардың ақынмен жүздесуін облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ашып, өңір басшысы Серік Біләловтің құттықтау хатын тапсырып, мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Осы салтанатқа Алматыдан арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Жанарбек Әшімжан да осындай құрмет көрсетті. Салтанат иесін облыстық мәслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов құттықтап, ақынға халық қалаулыларының ықыласын жеткізіп, кәдесый жасады.

Орыс ақыны Александр Курленя М.Қанғожиннің өзі аударған өлеңдерін оқыды.

Мерейтой иесіне театр әншілері және өзге өнерпаздар ән-күй тарту етті.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp