«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІРШІЛІК НӘРІ ТЕГІН ЕМЕС екендігін түсінетін кез жетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күні “Есіл су” филиалы Солтүстік Қазақстан облысының 11 ауданының 230 елді мекенін және Қостанай облысының 2 ауданын ауызсумен қамтамасыз етіп, барлығы 2210 мың адамға қызмет көрсетеді.

Мейірбек ЕГЕНОВ,

“Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының директоры.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АЕМ саны 13 елді мекенге артты, Ақжар ауданының – Бостандық, Киевское, Мағжан Жұмабаев ауданының – Бәйтерек, Ганькино а., Ганькино ст., Рощино, Полтавка, Хлеборобное, Қызылжар ауданының – Боголюбово, Надежка, Есіл ауданының Өрнек, Ильинка, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдары таза суды тұтына бастады.

 

Ауызсуды жеткізу бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 2012 жылдың 11 айында өткен жылғымен салыстырғанда 5 пайызға артып, 2939,4 мың м3 құрады.

Кәсіпорын жеткізетін ауызсу химиялық, бактериологиялық және токсикологиялық көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

Тұтынушылардың есептеу құралдарымен жабдықталуы 100 пайызды құрайды.

Топтық су құбырлары негізінде төрт өндірістік учаске қызмет атқарады: Булаев ӨУ Булаев топтық су құбырына қызмет көрсетеді, Ишим ӨУ – Ишим өндірістік учаскесіне, Есіл ӨУ – Преснов су құбырына және Соколов ӨУ Соколов және Булаев су құбырына қызмет көрсетеді. Бұл учаскелердің құрамына 14 жөндеу-пайдалану учаскесі енеді.

Филиалдың топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2678,96 км. құрайды. Оның ішінде 2174,957 км. өзінің нормативтік қызметін 1,2-2 есе атқарған, осыған байланысты апаттардың орын алу тәуекелі мол. Биыл кәсіпорын 1689 жерасты зақымдарын жойды, бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 104 апатқа артық.

Біздің облыстың елді мекендерін сумен сапалы және үзіліссіз қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылса да, дебиторлық қарызды өтеу бойынша біршама қиындықтар бар. Қазіргі уақытта дебиторлық қарыз 24,7 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын дебиторлық қарызды өтеу бойынша дебиторлармен ұдайы жұмыс жүргізеді, кәсіпорын басшыларына, аудан әкімдеріне хаттар жолдайды. “Есіл су” филиалы үшін 14,3 млн. теңге немесе облыс су тұтынушылары қарызының 75,3%-ын құрайтын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қарызы шешуді қажет ететін күрделі мәселе болып табылады.

Филиал алдында ең көп қарызы бар тұтынушылар: Шал ақын ауданындағы “Жәрдем” МКК – 6,5 млн. теңге, Мамлют ауданындағы “Коммунсервис” МКК – 1,8 млн. теңге, Тайынша ауданындағы “Тайынша” МКК – 2,5 млн. теңге.

Ұсынылған қызметтерге уақытында төлем жүргізетін тұтынушыларды да атап өткіміз келеді. Олар – Есіл ауданындағы “Қамқор” МКК, Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Булаев қалалық су шаруашылығы” МКК, Қызылжар ауданындағы “Жігер” МКК, Жамбыл ауданындағы “Жамбыл су” МКК, Аққайың ауданындағы “Қамқор-Аққайың”, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Еңбек” МКК.

“Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша облыс тұрғындарын сумен толық қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан Соколов және Булаев топтық су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті болып табылады.

Соколов топтық су құбырларын қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды 2013 жылдың қазан айында аяқтау белгіленген, нәтижесінде 114 км. қайта жаңарады.

2011 жылы Булаев топтық су құбырларының І кезектегі жалпы сметалық құны 932,8 млн. теңге Замотаевка – Чистовское учаскесі және жалпы сметалық құны 1198,2 млн. теңге Қызылағаш – Қиялы учаскелерін қайта жаңғырту аяқталды.

2012 жылдың шілде айынан Булаев топтық су құбырларын қайта жаңғыртудың ІІ кезегі жалпы ұзындығы 235 км. Замотаевка – Гаврино, Чистовское – Куломзино учаскелерінде басталды. Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 193,02 км. су құбыры төселді.

Преснов ТСҚ І кезегін қайта жаңғырту 2013 жылға жоспарланған, Есіл топтық су құбыры бойынша жоба әзірлену кезеңінде.

Біз білікті кадрлар даярлауға айтарлықтай көңіл бөлеміз. Кәсіпорын құрылғалы (2001 жыл) филиал есебінен 13 студент оқытылып, жұмысқа орналастырылды. 2010-2012 оқу жылында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде “Сумен қамту жүйесінің тазалау имараттары” мамандығы бойынша күндізгі бөлімде 51 студент оқиды. Студенттер тәжірибені “Есіл су” филиалының өндірістік учаскелерінде өтеді. 2011 жылы 8 маман – филиал қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне “Су ресурстары және суды пайдалану” мамандығы бойынша сыртқы бөлімге оқуға түсті. 2012 жылы тағы 3 маман аталған университетке түсті.

Бүгінгі күні кәсіпорында 679 адам еңбек етеді. Қызметкерлердің көпшілігінің су шаруашылығы жүйесінде 15 жылдан артық жұмыс өтілі бар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp