«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – 18 660 ТЕҢГЕ, ал АЕК 1 731 теңге болып бекітілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арай НҰҒЫМАНОВА,

 облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы.


 

“2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 қарашасындағы №54-V Заңына сәйкес ең төменгі жалақының мөлшері 18 660 теңге, айлық есептік көрсеткіш 1 731 теңге мөлшерінде белгіленді.

Осыған орай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін ескерілетін ай сайынғы табыс 18 660 теңгеден аспауы тиіс. (10 ең төменгі жалақы), әлеуметтік аударымның ең жоғары мөлшері – 9 330 теңгені құрайды (10 еселенген ең төменгі жалақының 5 пайызы). Бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысын жоғалтқан жағдайда 10% міндетті зейнетақылық аударымдармен қоса есептегенде 2013 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері:

бірінші балаға – 10 579 теңге;

екінші балаға – 12 503 теңге;

үшінші балаға – 14 426 теңге;

төртінші және одан да көп балаға 16 349 теңгені құрайтын болады.

Бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысын жоғалтқан жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 2013 жылдың 1 қаңтарынан 74 640 теңгеден аспауы қажет (18 660х40%).

Сонымен қатар 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері 16 пайызға арттырылады деп көзделуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp