«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС БЛОГЕРЛЕР ЖОБАСЫ – бірінші орында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

22-23 желтоқсан күндері Астана қаласында “Нұр Отан” ХДП қолдауымен, “Болашақ” қауымдастығы, “WikiBilim” қоғамдық қорының серіктестігі, “Мінбер” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана Интернет Форумы өтті. Аталмыш шарада солтүстікқазақстандық өкілдер қорғап барған жоба бірінші орын алғандығын сүйіншілеп жеткізбекпіз.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Форумда қазақтілді жобалар және Интернет маркетинг, оқшаулау мен ақпараттық қауіпсіздік тақырыптары талқыланды. Оннан астам спикердің ішінде жылдам дамып келе жатқан zhanaoi.kz сайтының авторы Нұрлан Жанай, алғашқы қазақша IT онлайн журналының (IT-тірлік) авторы Тимур Бектұр сияқты басқа да қазақстандық танымал сайттардың авторлары болды. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 160-тай қатысушы келді.

Екі күнге жалғасқан форумда Интернет жобалардың байқауы да өтті. Оның қорытындысы бойынша Данияр Уәлиев пен оның шәкірттерінің е-сабақ пен қазақ тіл білімін дамытуға арналған сайт-жобасы бірінші орынды алды.

Форумға бара алмай қалғандар Твиттер әлеуметтік желісіндегі #aif2012 хештегін бақылады. Сол арқылы форумға қатысушылар тікелей твитрепортаж жасап тұрды. Әсіресе, спикерлердің құнды ойлары бірден афоризмге айналып жатты. Мысалы, Нұрлан Жанай сайттардың мобильдік нұсқасы болу керек, әрі сайттарға ақ түс ыңғайлы екенін айтты. ҚР білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов ресми Твитінде: “Астана форумында жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын айтып, өз ұсыныстарын жеткізді”, – дейді.

Жоба жеңімпаздары форумға қатысушылардың дауыс беруі арқылы анықталды. Ең көп дауыс жинаған үш жобаға тегін сайт жасалатын болды. Соның ішінде қалалық “Қызылжар нұры” апталық газетінде “Классикалық твиттер” айдарын жүргізетін KazТвит жас зердешілер клубының мүшелері – Данияр Уәлиев бастаған топтың жобасы да бар. Енді оларға бүкіл республика блогерлері қолдаған жобаларын іске асыру ғана қалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp