«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАНА ІЗДЕГЕН ЕЛІКТЕРДІ атуға шыққан аңшылар ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полицейлер облыс орталығынан шыға берісте елік атып жүрген қаланың 4 тұрғынын ұстады.

Облыстық ІІД-нің жедел орталығы басқармасына қырағы қала тұрғындарынан Мамлют ауданына барар жақта белгісіз біреулердің елік атып жүргені жайында хабар түседі. Оқиға орнына кезекшілікте жүрген жол және патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Ұсталған төрт петропавлдық елік атуға еш қатысы жоқтарын айтқанымен, олардың қолдарындағы қару бар шындықты айғақтағандай еді. Сол маңды тексерген полицейлер атылған елікті тапты. Аңшылардан қару тәркіленіп, бүгінде күдіктілерді жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Ұсталғандар – 25-35 жас аралығындағы азаматтар.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp