«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШУАҚ ШАШҚАН ШЫРША

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП СҚОФ мен “Болашақ бейбітшілік пен келісімде” қоры бірігіп Петропавлда қайырымдылық шарасын өткізді. Олар жетім және мүгедек балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратты.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Шараның өтуіне қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары атсалысты. Сахнада мерекелік шағын ертегі қойылымы көрсетіліп, ән айтылып, би биленді.

 

Жаңа жыл – сиқырлы мереке. Әсіресе, балалар осы күні Аяз Атадан сыйлық тілеп, ғажайыптардың болатынына сенеді. Ал арман-тілегі көп жетімдер мен жарымжан балалар үшін мұндай күні бір ғажайыптың болғаны керек-ақ. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылардың да көздегені осы.

Кештің басты қонақтары балалар болды. Сонымен қатар қалалық әкімдіктен, мешіттен, әртүрлі ұйымдардан өкілдер қатысты. Жиналғандарды “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Пішенбаев, қала әкімінің орынбасары Шолпан Каринова құттықтады. Өз лебізін білдірген “Болашақ бейбітшілік пен келісімде” қайырымдылық қорының өңірдегі өкілі Махмуда Шокаева бас демеуші – “Жібек жолы” базары мен демеушілер “Цесна банк”, “Нұр банк” өкілдеріне Алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты шарадан кейін мереке шыршаның аясында жалғасты. Жаңа жылдың ресми тұлғалары Аяз Ата мен Ақшақар балаларды шаттыққа бөледі. Сиқырлы дорбадан сыйлықтар таратылды.

Мейірімді Аяз Атадан бөлек мерекеге келген қайырымды жандардың дайындап әкелген бөлек сыйлығы болды. Мысалы, нұротандықтардың ұсынысымен өңіріміздегі 16 басқарма 16 балаға арнайы сыйлықтарын әкелді. Ал қайырымдылық қоры болса, жетпіс шақты балаға кәделерін таратты. Оның ішінде Қызылжар ауданынан келген аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар және Петропавл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері бар. Ата-аналарымен бірге келген мүгедек балалар да базарлықтан құр қалған жоқ.

Қайырымдылық қоры отбасылық үлгідегі балалар ауылына коньки, ролик, скейтборд сияқты қажеттіліктермен қатар, екі компьютер сыйлады.

“Болашақ бейбітшілік пен келісімде” қоры 10 жылдан астам Астана, Алматы мен СҚО-да қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Шыршаның аясында жетім және мүгедек балаларды шаттыққа бөлеп, жүздеріне нұр сыйлаған қайырымды жандар алдағы уақытта да Петропавлда осындай шараларды жиі өткізіп тұрмақшы.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp