«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰЛ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазақстан Президенті 2050 жылы әлемнің неғұрлым дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену туралы басты міндетті белгіледі. Әрине, бұл – асқақ және жоғары мақсат. Ал мен оны әбден қолжетімді деп ойлаймын.

Егер 1997 жылды еске алар болсақ, онда Елбасы 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жариялады, бірақ оны сол кезде жұрттың бәрі бірдей түсіне қойған жоқ. Секемденушілер де болды, олар мұндай ұзақмерзімдік мақсаттарды белгілеудің қажеті қанша, оған қол жеткізе аламыз ба деген күмәнді сөздер айтты. Бірақ бүгінде, 15 жыл өткеннен кейін, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” Стратегиясында белгілеген барлық мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізгенімізді мақтаныш ете аламыз. Яғни, біз 2012 жылы іс жүзінде 2030 жылға дейін алдымызға қойылған барлық міндеттерді орындап шықтық. Сондықтан да Елбасы 2050 жылға дейін белгілеген мақсаттар әбден қолжетімді және кейбір мақсаттар, кейбір міндеттер бойынша біздің оларға мерзімінен бұрын қол жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын.

Оның басты кепілі, осы мақсаттарға қол жеткізудің басты факторы – ол Президенттің жеке тұлғасы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында еліміздің алдына жоғары мақсаттар қоя отырып, барлық қазақстандық қоғамды, барлық бұқаралық-саяси күштерді біріктіріп, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ете білді. Осы жолы да солай болады деп ойлаймын. Қазірде де, әрине, біздің қоғамның алдында Президент бағыты, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы төңірегінде топтасу, сондай-ақ осы үлкен асқақ та зор мақсат – Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену жетістігіне өз үлесін қосу міндеті тұр. Бұл – біздің қолымыздан келетін іс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp