«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АСЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында жас кәсіби мамандардың “Қазақстан – 2050: жастар қуаты” атты форумы болып өтті. “Жас Отан” жастар қанаты ұйымдастырған шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, жас мамандар мен студенттер қатысты.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Форумға жиналған белсенді жастар Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындауды қалайша жүзеге асыру керектігін ортаға салды. “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша еңбектеніп жүрген жас мамандардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі жастардың жағдайына назар аударады. Соңғы Жолдауында да Елбасы бізге қатысты ортақ мәселелерді қамтыды, оларды шешуге баршамыз күш жұмылдыруымыз керек, деді жастар.

Қызылжар аудандық орталық ауруханасының дәрігер педиатры Айнұр Симанбаева диплом алған соң бірден ауылға тартыпты. 200 мың теңге көлемінде көтермеақы алып, бүгінде Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылынан бөлінген үйде тұрып жатыр. Ал Есіл аграрлық институтының 3-курс студенті Ксения Гаврик ветеринария мамандығының “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасына енгізілгеніне риза. “Болашақ ветеринарлар ауыл шаруашылығы саласы дамыған біздің облысқа аса қажет. Шаруа қожалықтарының басшылары тарапынан бұл мамандық иелеріне үлкен сұраныс бұрыннан бар. Егер жұмысқа жаңа тұрған ветеринарларға жағдай жасалатын болса, бұл сала жандана түседі”, – дейді ол.

Түрлі салада еңбектенетін жастар өз ойларын айтып, форум соңында облыс жастарына Үндеу қабылдады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp