«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕМЕҢГЕРЛІКТІҢ ТАҒЫ БІР АЙҒАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хикмет ЧЕТИН,

 Түркияның Ұлы Ұлттық Кеңесінің бұрынғы төрағасы.

Мен Қазақстанға тағы бір мәрте келуге мүмкіндік алғаныма өте бақыттымын. Мен Сіздердің елдеріңізге Тәуелсіздік ала салысымен келген алғашқы сыртқы істер министрімін. Содан бері мұнда талай мәрте болдым және де әр сапарымда жақсы өзгерістер барын көрдім. Бүгінгі Қазақстан экономикалық жағынан да, әлеуметтік даму жағынан да әлемнің барлық елдеріне өнеге бола алады. Бұл – менің досым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген зор еңбегінің жемісі.

Менің ойымша, бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл түркі әлемінің көшбасшысы болып табылады. Мен оны көптеген сипаттары бойынша Ататүрікке тең дер едім. Назарбаев сынды тұлғалар ғасырлар тоғысында танылады. Оның өзіне тән дүниетанымы, өз стратегиялық ойлау қабілеті қалыптасқан.

Осы таяуда ғана ол баршамызды жаңа жаһандық құжат – “Қазақстан – 2050” Стратегиясымен таныстырды. Мен оны мұқият оқып шықтым. Президент Назарбаев қоғамды одан әрі демократияландырудың, Парламенттің, Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейтудің, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтудің жолдарын ұсынды. Тағы бір маңыздысы – ең озық әлемдік технологияларды тарта отырып, елді одан әрі индустрияландыру.

Жаңа Стратегия – Сіздердің Елбасыларыңыздың көрегендігі мен кемеңгерлігінің тағы бір дәлелі. Ол не тындырса да, бәрінен бұрын өзі қамын жейтін халқының игілігі үшін істейді. Мен Қазақстан өзінің Елбасы алға қойған мақсаттарға қол жеткізетініне сенімдімін. Өйткені, қазақстандықтар өзінің Президентінің ой-мүдделерін жақсы түсінеді және қолдайды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp