«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫНЫНА СЕНІМДІМІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Михаэль ЛАУБШ,

 Орталық Азия елдері бойынша саяси сарапшы (Германия). 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқына Жолдауын бүкіл әлемдегідей, Еуропада да қызу талқылау үстінде. Құжаттың Еуроодақ аясында ғана емес, сондай-ақ бізде – Германияда да толықтай оң баға алуында сөз жоқ. Бұл “Қазақстан – 2030” Стратегиясының, “Еуропаға жол” бағдарламасының жалғасы болып табылады және барлық қоғамның топтасуын көздейді.

Менің пайымдауымша, құжатта барлық аспектілер ескерілген және ең бастысы болашаққа ұмтылу мен оған жету жолында шынайы нақты қадамдар белгіленген. Сіздердің Көшбасшыларыңыз күш-жігерді қажетті арнаға бағыттай біледі және одан нәтиже шығарады. Бұған алдыңғы “Қазақстан – 2030” бағдарламасын жүзеге асыру кезінде де көз жеткізілді.

Бұл Стратегияны Қазақстанның Тәуелсіздігі күні Президенттің өзінің жария ету фактісі осы құжаттың ол үшін қаншалықты маңызды екендігін тағы бір мәрте айқындай түседі. Жаңа саяси бағыт табысты жүзеге асатынына сенімдімін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp