«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақыт СӘБИЕВА,

“Ұлттық банк” облыстық филиалының бөлім бастығы.

2012 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының “Шағын қаржылық ұйымдар туралы”, “Шағын қаржылық ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдары күшіне енді.

Бұл заңдарда Ұлттық банкке шағын қаржылық ұйымдардың (бұдан әрі – ШҚҰ) есептік тіркеу, ШҚҰ есебін алу, тексерістер жүргізу, шектелген ықпал ету шараларын қолдану және әкімшілік жазаларға тарту, ШҚҰ тізімінен шығару үшін тапсырма бағыттау міндеттерін бекіту қарастырылған.

 

Осыған байланысты Ұлттық банк филиалы жұмыс істеп тұрған шағын кредиттік ұйымдармен және басқа заңды тұлғалармен олар есептік тіркеуден өту туралы өтініш білдірген кезде жергілікті жерде түсінік беру жұмысын жүргізетін болады.

Есептік тіркеуден өту үшін өтініш берушіде Қазақстан Республикасының “Шағын қаржылық ұйымдар туралы” Заңының 14-бабының 1-тармағында және 31-бабының 3-тармағында қарастырылған толық құжаттар пакеті болуы тиіс. Олар мыналар:

1) өтініш;

2) бір мезгілде түпнұсқамен салыстыру үшін жарғының көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жарғының көшірмесі, сол сияқты заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3) жарғылық капиталдың төлемін растайтын (30 млн. теңгеден кем емес) құжаттар көшірмелері, сол сияқты өз капиталының ең төменгі көлемінің сақталуы туралы ақпарат;

4) ішкі бақылау қызметі туралы (бар болған жағдайда) ереже;

5) ШҚҰ қызметі стратегиясын, ШҚҰ бағдар ұстанған нарық сегменті анықтамасын, қызметтер түрлерін, маркетинг жоспарын (клиенттер құру), ұйым қызметін қаржыландыру көздерін ашатын бизнес-жоспары;

6) құрылтайшылар (қатысушылар) жайында, өтініш түскен күннің алдындағы жағдай бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері туралы деректер;

7) шағын кредиттер беру ережесінің көшірмесі;

8) Қазақстан Республикасының “Кредиттік бюро және Қазақстан Республикасында кредиттік жадынамалар құру туралы” Заңға сәйкес ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік жадынамаларды құру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесі;

9) егер шағын кредиттік ұйым шағын қаржылық ұйым болып қайта тіркелген немесе қайта құрылымдалған жағдайда берілген шағын кредиттер бойынша кірістерін және корпоративтік кіріс салығының есептелінген сомасын көрсететін соңғы үш жылдың салық декларацияларының көшірмелері.

Мұндай шараларды уәкілетті органда есептік тіркеуден өткенге дейін жүргізудің қажеттілігіне өтініш берушілердің назарын аударамыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp