Олег САВЧЕНКО,
Ресей Мемлекеттік
Думасының депутаты.
Кеңестік кеңістіктегі ТМД елдерінің бірінде де мұндай ұзақмерзімді Стратегия жоқ. Тіпті, Ресейдің өзінде де жекелеген салаларға ғана қатысты 2030, 2040 Стратегиялары бар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жігері мен парасаты бүгінгі күні осындай сапалы ұмтылыс жасап, Қазақстанның алдағы 50 жылда өмір сүретін қағидалары мен тезистерін, міндеттерін айқындауына мүмкіндік береді.
Ал бізге сіздердің еліңіздің басымдықтары жайлы білу өте маңызды. 2050 саны біздің сыртқы экономикалық саясатымызды дамытып, өз стратегиямыз бен бағытымызды айқындауымыз үшін үлкен дайындама болмақ. Бізде бүгінгі күні үшжақты келісім бар, ол тараптардың ашық және бүкпесіз әңгімелесуіне және жоспар құруына мүмкіндік береді. Өйткені, Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып табылады және біз қазіргі таңда Кеден одағының құрамындамыз. Осындай ұзақмерзімді бағдарлама біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыздың көптеген онжылдықтар бойы айқын болуына жағдай туғызады. Бұған теңесуіміз керек. Меніңше, бұл бағдарлама халықтарымыздың дамуына қолайлы ахуал жасайды. Біздің бүгінгі таңда Қазақстаннан үйренуге тұрарлық тұстарымыз бар екенін айтқым келеді.