«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰБАЙЫН ӨЛТІРІП ТЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрын сотталған 30 жастағы әйел Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарлыға ауылында 52 жастағы ауылдасының үйінде біраз жылдан бері бірге тұрған. “Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды” дегендей, күнделікті ұрыс-жанжалдардан кейін әйел серігінен кетіп қалған. Қырғи қабақ бола жүре, әйел ас дайындап, үйін жинауға ерінікіне келіп тұрған.

Оның сөзінше, қайғылы оқиға орын алған күні тамақ жасағаннан кейін үй иесімен бірге арақ ішіп, оның соңы кезекті жанжалға ұласқан. Қожайын әйелді соққының астына алған. Далаға қашып шыққан әйел жатқан балтаны алып, ерінің басынан бірнеше рет соққы жасаған. Одан кейін ерінің туыстарына барып: “Келгенімде ол төсегінің жанында өліп жатты” деген. Бірақ әйелдің сөзіне сенбеген туысқандар полицияға хабарлаған. Күдікті әйелдің болған оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобына айтып беруден басқа амалы қалмады.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp