«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТСЫЗ ЖАҒДАЙҒА ҰШЫРАМАУ ҮШІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ҚҰСАЙЫНОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы.

Жақында облыстық төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттерінің қызметкерлері от шашқыш техникалық заттардың жасырын саудасын ашу мақсатында оларды сату орындарында бірлескен рейд жүргізді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері “Океан” дүкенінің және “Жібек жолы” базарының маңындағы сауда нүктелерін тексерді. Өнімнің аталмыш түрін заңсыз сатқан үш факт ашылды, олардың иелерінің тауарлары тәркіленіп, 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Алынған от шашқыш техникаларда суға тиген, орамасы жыртылған, сақталу мерзімі өткен сияқты кемшіліктер анықталды, оның бәрі жарақаттану зардабын тигізуімен қауіпті. Тауардың қайда, қалай сақталғаны, қандай көлікпен тасымалданғаны белгісіз – осылардың бәрі адамдар қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Мұндай затты алғанда әрбір сатып алушы сатушыдан сәйкестік сертификатынан басқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі нұсқама қосымшасын, орамында жарамдылық мерзімі көрсетілуін талап етуі тиіс. Көзге ұрып тұрған жарамсыздық белгісі бар заттарды сатып алудан бас тартыңыз. Сонымен бірге ата-аналарының тарапынан балаларына бақылау болуы керек, өйткені от шашқыш заттармен ойнау бақытсыз жағдайға ұшыратады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp