«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВОЛЕЙБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азамат ШӘРІПОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Булаево қаласындағы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназияның спортзалында волейболдан ерлер арасында жарыс өткізілді. Оған барлығы 7 команда қатысты: Бастомар, Қарақоға ауылдық округтерінен 2 топтан 4 команда, Октябрь, Лебяжье ауылдық округтерінен және Булаево қаласынан 3 команда.

Сайыс олимпиадалық жүйе бойынша 2 жеңіліске дейін өткізілді. Ойыншылардың барлығы жақсы дайындық деңгейін көрсете білді. Нәтижесінде 3-орынды Лебяжье командасы иеленді. 2-орынды Бастомар ауылының екінші командасы алды. Бастомарлық бірінші команданың еншісіне 1-орын бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және командалық дипломмен марапатталды.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp