«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСЫМЫЗ ЖЕМІСТІ ДЕП БАҒАЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жылдық жұмысын қорытындылау жөнінде жиын өтті.

Жазира ҚОЖАХМЕТОВА,

облыстық ТЖД-нің

 бас маманы.

Аталған шараға ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Серік Әубәкіров төрағалық етті. Департаменттің бастығы Бахтияр Қадырханов, басқармалар және қызметтердің басшылары атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Мәжіліс интерактивті түрде өткізіліп, көкейкесті мәселелер қаралды, оларды шешу жолдары, сонымен қатар 2013 жылға және алдағы уақытқа департамент бөлімшелерінің даму жоспарлары ұсынылды.

Жиынды генерал-майор С.Әубәкіров қорытындылады. Комитет басшысы министрліктің стратегиялық жоспарының ТЖМ бөлімшелерінде жүзеге асырылу барысы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу ісіндегі қол жеткізілген табыстар жөнінде баяндады. Ол СҚО ТЖ департаменті қызметкерлерінің жұмысын жемісті деп бағалап, әсіресе, облыс аумағында үстіміздегі жылы ірі төтенше жағдай тіркелмегенін ерекше атап өтті.

Департаменттің ерекше еңбек сіңірген қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау жиын барысындағы нағыз тосын сый болды. Серік Ғабдоллаұлының қолынан “ӨСжАҚЖҚ” ММ өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Ерік Мәжитов “Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін” медалін алды. Онымен бірге ҚР ТЖМ құрмет белгілеріне – 4 қызметкер, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына 9 адам ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp