«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮЛІК ТОНАУ ҮДЕП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан жеті мыңнан астам қылмыс жасалған. Бұл – тіркелгені ғана. Мамандардың сөзіне қарағанда, оның бес жарым мыңы – мүліктік қылмыстар. Осыған орай тәртіп сақшылары арнайы жиын өткізіп, тонаушылар мен ұрылардың қармағына түсіп қалмау жолдарын үйретті.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, соңғы кезде, әсіресе, сейфтер мен банкомат ұрлықтары белең алған. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Серік Едіресов көшеде тұрған банкоматтардың қараусыз екенін сөз етті. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дабылқаққыш, бейнебақылау камераларымен және күзетпен қамтамасыз етілуі керектігін ескертті.

Жиында оқу орындарында ұялы телефон ұрлығы да күрт артқаны жайлы әңгіме өрбіді. Серік Едіресов мұндай ұрлықтарды болдырмау мақсатында мектептерге сейфтер қоюды ұсынды. Оқушылар сабақ кезінде бағалы заттарын сонда сақтап, кейін алып кете алады.

Жиын барысында “көрші бақылауы” бағдарламасы жайлы да айтылды. Бағдарлама енгізілгелі біраз уақыт өтсе де, одан бейхабар тұрғындар да бар екен. Жыл басынан бері аталмыш бағдарламаның көмегімен мыңнан астам қылмыстың беті ашылыпты.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp