«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО әкімі Серік Біләлов кадрлық тағайындаулар жасады.

Облыс әкімінің өкімімен Қызылжар ауданының әкімі болып Орал Қабиұлы Қаппасов тағайындалды.

Орал Қаппасов әр жылдары Қарағанды облысының Осакаров ауданының әкімі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

Бұл тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына жетекшілік етті.

* * *

СҚО әкімінің өкімімен Шал ақын ауданының әкімі болып Марат Қосылұлы Омаров тағайындалды.

Марат Омаров әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі СҚО бойынша департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Бұл тағайындауға дейін “Мұнай-газ қондырғыларының конструкторлық бюросы” ЖШС-нің директоры болып еңбек етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp