26 желтоқсанда таңғы 8 сағат 58 минутта Мамлютка тас жолының бойындағы көліктерге техникалық қызмет көрсету стансасында шыққан өрт туралы облыстық өрт сөндіру қызметінің орталық қосынына хабар жеткен. Бір минуттан соң өртсөндірушілер жолға шығып, 9 сағат 32 минутта оқиға орнында болған.
От бу қазандығы орналасқан жерде тұтаныпты. Өкініштісі – 1957 жылы туған күзетші-отжағушы күйіп өлген. Жалын осы қазандықтың үстіңгі қабатындағы кеңсеге тарап, стансаның көліктер тұратын жері түтіндеген.
Өрт 11 сағат 23 минутта ауыздықталды. Петропавлдың №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамындағы 13 адам 2 автоцистернаның көмегімен жалынды толық тұншықтырды.
Мамандар өрт отты жаққандағы салдыр-салақтықтың салдарынан болған деп отыр.
Сол күні 9 сағат 16 минутта облыс орталығындағы Юбилейная көшесінде жүріп келе жатқан троллейбустың ішін от жайлаған. Бірақ ол он минуттың ішінде сөндірілді. Өртсөндірушілер қоғамдық көліктегі 8 адамды аманесен алып шықты. Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болыпты.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.