«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

FЫЛЫМ ЖОЛЫНДАFЫ ЖАРТЫ FАСЫР Мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 50 жылдығын атап өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС құрылғанына 50 жыл толуын салтанатты жағдайда атап өтті. Оған қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов ғалымдар ұжымын жарты ғасырлық мерейтойларымен құттықтап, “ГАЗель” автокөлігін тарту етті.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Салтанатты жиынға дейін Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғимаратының қабырғасына осы мекемені 9 жыл басқарған академик Виктор Вернигор есімі жазылған ескерткіш тақта орнату, институт тарихына арналған мұражай ашу, мекеменің “Ғылыми-инновациялық кешен” зертханасымен және “Қызылжар” білім тарату орталығының жұмысымен танысу шаралары болып, аудандық Мәдениет үйінде мерейтойға жиналған республикалық, шетелдік қонақтарға, жергілікті тұрғындарға институттың жетістіктерін баяндайтын деректі фильм көрсетілді.

 

Салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы Серік Біләлов:

– Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өз саласы бойынша жаңа технологияларды әзірлеуде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Жарты ғасырда институт ғалымдары өндіріске енгізу үшін 200-ден астам жоба әзірлеп, іске асырды, 70-тен астам ғылыми еңбекті, кітаптар мен монографияларды жарыққа шығарды, жаңалықтары мен селекциялық жетістіктеріне 30-дан астам авторлық куәліктер мен патенттер алды. Институт ұзақ жылдан бері таяу және алыс шетелдердің жетекші ғылыми мекемелерімен нәтижелі жұмыс істеп келеді, – деп ұжымның атқарып келе жатқан жұмысына жоғары баға берді.

Серік Біләлов агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан зор үлестері үшін институт ғалымдары Аймағанбет Барлыбаевқа, Бақымбай Қасейіновке, Асқар Естановқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын, еңбек ардагерлері Петр Тристанға, Борис Гайворонскийге, Вера Сутуловаға, Надежда Бодуновскаяға, Геннадий Токаревке өңір басшысының Алғыс хаты мен ақшалай сыйлығын, ұжымға “ГАЗель” автокөлігін табыс етті.

“Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-нің бас директоры, академик, облыстық мәслихаттың депутаты Қанат Мыңжасов мекеменің жартығасырлық тарихына жан-жақты шолу жасады.

Мерейтойға арнайы келген меймандар өз құттықтауларында институттың 50 жылда жеткен жетістіктерін ерекше атап айтты.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp