«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА – 4 АДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мұрат Ұрұмханов азаматтарды қабылдады. Бұл күні өз мәселелерінің шешімін табу үшін төрт азамат келген екен. Олар көші-қон заңнамаларын түсіндіру жайлы, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау және тергеу ісі жөніндегі сұрақтарын қойды. Департамент басшысы олардың әрқайсысының сауалдары мен шағымдарын тыңдап, тұшымды жауап берді.

Жыл басынан бері департамент басшылығының қабылдауында 287 адам болды. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті бастығының жеке ресми блогы жұмыс істейді. Әр азамат блогқа өтініші мен ұсынысын жазбаша түрде қалдырып, жауап ала алады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp